Қостанайда аудан орталығының тұрғындары үйдің суықтығына шағымдануда

Фото:
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай облысы Боровский ауылында орталық қазандықтан ақаулық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін жергілікті БАҚ Меңдіқара ауданындағы ауыл тұрғандары 12-14 градус температура болатын суық үйлерінде тұрып жатқаны туралы ақпарат жариялады. Апаттың бір жарым апта бұрын болғаны анықталды. Істен шыққан қазан – кепілде болған, тек екі жыл жұмыс істеген.

Бұл оқиғаға қатысты Меңдіқара аудандық әкімдігінің ТШК бөлімінің басшысы Николай Гулаков түсінік берді.

«Жағдай өте нашар деп айтуға болмайды. Иә, ондай оқиға болды. Көпқабатты үйлерді жылытатын орталық қазандықтағы бір қазан істен шықты. Ол кепілде еді. Мердігерді күттік. Олар келіп, қарап, жұмыс істеуден бас тартып, кетіп қалды. Жаңа қазандықтар екі жыл бұрын, 2020 жылы орнатылды. Жоба құны - 14 миллион, әр қазан 7 миллион теңге. «Титан» ЖШС 5 жылға кепіл берген. Шартқа сәйкес, олар осы мерзім ішінде апаттық жағдай болса келіп, жөндеуі тиіс еді. Бірақ олар одан бас тартты», - деді Н. Гулаков.

Қазір әкімдіктің заң қызметі осы мәселемен айналысып жатыр. Егер сараптамадан кейін қазандар жарамсыз болып танылса, сот процесі басталады.

«Енді біз өз күшімізбен экранын, қазандықтың ішіндегі шіріген құбырларын кесуді бастадық. Сол жерден су кеткен. Тесіктерді уақытша дәнекерлеп бітеп қойдық. Әзірге қазандық жартылай қуатпен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ біз шарт жасасу үшін патенттері бар қазандық өндіруші ұйымдармен келіссөздер жүргіздік. Компания туралы шешім қабылданды. Олар қазірдің өзінде қазандық жасауға кірісті. Екі апта ішінде бұл мәселені шешу жоспарлануда», - деп түсіндірді Н. Гулаков. Б

Бұған дейін Арқалық ЖЭО-да апат болғаны хабарланған еді.


Фото: www.ng.kz

Соңғы жаңалықтар