Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
2022 жылғы 15 наурыз 06:20

Қостанайда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбіде Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметінше, 15 наурызда еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қостанай қаласында ғана ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT