Қостанайда астық өңдейтін заманауи кешен салынады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қостанай облысының экономикасына шамамен 245,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Олардың көп бөлігі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру кездесуінде өңірдің инвестициялық ахуалы туралы хабардар етті. Ол былтыр Қостанайға инвесторларды тарту мақсатында атқарылған істерге тоқталды.

«Әлеуетті инвесторлардың пайдалы ақпаратқа оңай қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында облыстың интеракивті инвестициялық картасы жұмыс істейді. Оған инвестициялар тартуды талап ететін инвестжобалар, қолжетімді инфрақұрылым және пайдалы қазбалар туралы мәліметтер енгізілген. Біз биыл облысымызға инвесторлар көптеп келеді деп үміттенеміз. Сл үшін де имидждік іс-шаралар жалғасатын болады», - дейді Архимед Мұхамбетов .

Әкімнің сөзінше, былтыр Қостанай қаласында «Kostanay Invest 2018» екінші өңірлік инвестициялық форумы өткізіліп, оған мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде, жалпы сомасы 251 млрд теңге болатын 19 өзара ынтымақтастық пен әріптестік құжатына қол қойылды.

«Индустриялық аймақ Қостанайдың экономикалық «көзірлерінің» біріне айналды. Ол әлі салынып біткен жоқ. Қазіргі уақытта оның аумағында 300 млрд теңгенің 11 жобасын іске асыру пысықталып жатыр. Бұл арқылы 2 мыңнан астам жұмыс орны пайда болуы мүмкін. Олардың ішіндегі анағұрлым ірі жобалардың бірі - «Bio Grain» ЖШС ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдейтін заманауи кешен. Оның құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылдың 2-тоқсанында басталады. Жоба елбасының шикізат экспортынан өзіміз дайындайтын өнімдер экспортына көшу тапсырмасын орындау шеңбесінде іске асады. Алғашқы кезеңінің сомасы - 300 млн теңге», - деді Архимед Мұхамбетов.

Мұның сыртында, былтыр индустриялық аймақта әмбебап-құрастыру кешендері құрылысы аяқталды. Онда «Беларусь» маркалы тракторлар өндіретін зауыт («Композит Груп» холдингі) және құрылыс материалдары мен металл құрылымы цехы («ЗЭО «Астық» ЖШС) орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар