USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қостанайда астық интернетпен сатылып жатыр

2017 жылғы 13 қыркүйек 14:48
Бөлісіңіз:
Қостанайда астық интернетпен сатылып жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық кәсіпкер егін өнімдерін сайт арқылы сата алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Қостанай облысында астық бітік шықты. Диқандар алқаптардың 80 пайызын орып бітті. Олар гектарына 11 центнерден өнім алды. Жоспар бойынша 5 млн тонна бидай қамбаға құйылмақ.

Енді егін өнімдерін шаруалар арнайы сайт арқылы да сата алады. Қостанайлық кәсіпкер Дмитрий Бажутов ойлап тапқан жаңа сайт ақпараттарды жедел жариялап, кәсіпті дамытып, дөңгелет арналған. Қазірдің өзінде сайтқа 9 мыңнан астам хабарлама енгізілген. Әлемнің 79 елінен 12 мың желі қолданушысы сайт жұмысымен танысып үлгеріпті. Көптілді жүйе қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатуға зор мүмкіндік береді.

«Сайтқа қытай тілін енгізу де жоспарда бар.

Сондай-ақ, араб тіліндегі нұсқасы жасалады. Қазірдің өзінде орыс тілінде жарияланған хабарламаны ирандық, ауғанстандық қолданушылар өз тілдерінде оқып отырады», - деді сайт авторы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT