Қостанайда арпа орнына бидай әкелудің тағы бір әрекеті тоқтатылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағына Ресей Федерациясынан 30 тонна бидай жалған құжаттармен кіргізілмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментімен бірлесіп, 26 сәуірде «Обаған» автомобиль өткізу бекетінде Ресей Федерациясынан бидай әкелудің кезекті әрекетінің жолын кесті.

Бидайды әкелуге тыйым салынғанына қарамастан, шектеуді «айналып өту» мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тағы да 30 тонна бидайды басқа тауармен жасырып, жалған құжаттармен өткізуге тырысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде «Қайрақ» өткізу бекетінде жалпы салмағы 60 тоннадан асатын бидай әкелудің 2 әрекеті тоқтатылған болатын.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар