Қостанайда «Antares Limited» қаржы пирамидасы анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары компанияға 100 АҚШ долларын салып, күн сайын кепілді табысқа кенелуді уәде еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, компанияға 100 АҚШ долларын қолма-қол салған адам күніне инвестициясынан 0,5-2% табыс табатыны уәде етілген.

Қазір пирамида ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер үй қамақта.

Агенттік тағы да азаматтарды өте сақ болуға, қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың алдауына түсіп қалмауға шақырады.

«Қаржы пирамидаларының басты мақсаты – капиталды жылдам әрі оңай жолмен еселеп алуды ұсынып, сенгіш адамдардың есебінен пайда табу екенін білу керек»

делінген Агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларының алаяқтық әрекеттерін біле тұрып жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тартатын заң бірінші жарты жылдықта қабылдануы мүмкін екендігін айтқан.


Соңғы жаңалықтар