Қостанайда аңға шығып кеткен кəсіпкер із-түзсіз жоғалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тəртіп сақшылары, еріктілер мен туған-туысқандары 8 қазан күні жоғалып кеткен Боровской ауылының тұрғынын іздеуде, деп хабарлайды хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əлеуметтік желідегі «ИНФОРЕСУРС Боровское» парақшасының жазуынша, кәсіпкер Александр Коржавин  78 жастағы досы Николай Вещиковпен бірге үйрек атуға шыққан. Күндізгі сағат 13:00 шамасында олар мінген қайық аударылып кетеді. Вещиков қайықты су жағасына шығарады. Қамыстың арасында болғандықтан ер адамдар бір бірінен көз жазып қалған. Вещиков ТЖ бөліміне хабарласады. Құтқарушылармен бірге əкімдік қызметкерлері мен Коржавиннің туыстары іздеуге кіріседі.

Олар бір түн бойы іздеп, кәсіпкерді таба алмаған. Ал келесі күні ҚР ІІМ жедел құтқарушылар жасағы іздеу тобына қосылған. Сондай-ақ, иісшіл иттер де əкелінген.

Əзірге кəсіпкердің қаруы мен жеке заттары ғана табылды. Іздеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар