Қостанайда аналар кеңесі өрттен зардап шеккендерге үй сатып алу үшін ақша жинап берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Қостанай облыстық аналар кеңесі өрттен зардап шеккен көп балалы отбасыға үй сатып алу үшін ақша жинауға көмектесті.

Половниковка ауылындағы (Қостанай ауданы) оралман Базаровтар отбасының үйіндегі өрт 30 қазанда болды. Электр желісінің салдарынан болған өрт балшық үйді түгелімен жайпаған. Өрт болған уақытта Базаровтар үйде болмағандықтан, отбасы мүшелері зардап шекпеген. Базаровтар отбасындағы қиын жағдай туралы педагогикалық  бірлестік білді (отағасы Ербол мектепте математика пәнінің мұғалімі). Қостанай мемлекеттік университетінің қызметкері Шушаник Саркисян өрт құрбандарына көмек қолын созу үшін қаржы жинауды ұйымдастырады. Саркисян - ҚХА Қостанай аналар кеңесінің төрағасы.

«Өрттен кейін Половниковкаға алғаш рет біз жеттік, - деп айтады Шушаник Саркисян. - Біз азық-түлік, заттар, киімдер алып келдік. Базаровтардың басындағы қайғылы жағдайды көріп, көмектесуді жөн көрдік. Бұл жерде ешқандай туыстары жоқ, аталмыш отбасы Өзбекстаннан тарихи отандары Қазақстанға үш жыл бұрын көшіп келген».

Шушаник Саркисянның айтуынша, ол «қажетті қаржыны өте аз уақытта жинаймын деп ойламаған». Қостанай аналар кеңесінің өтінішіне алғашқы болып ҚМУ ректоры Хусаин Валиев пен университеттің педагогикалық құрамы үй алуға ақшалай көмектесетіндіктерін жеткізген. ЖОО ұжымы арнайы шотқа бір күндік жалақыларын аударды. Студенттер кеңесі де өз үлестерін қосты. Барлығы 1,5 млн теңге жиналды. Бұл қаржы Половниковкадан үй алып, ішін жиһазбен жабдықтауға да жеткілікті болған. Қостанай облыстық достастық үйі мен Аналар кеңесінің өкілдері балалардың білім алуына қажетті оқу құралдарды, жаңажылдық сыйлықтарды, жеміс-жидектер мен үлкен торт алып келді. 

Соңғы жаңалықтар