Қостанайда алғашқы қар жауды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда күзгі жаңбыр қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктердің айтуына сәйкес, Қостанайда қар жексенбі, 23 қазанда жаууы тиіс еді, алайда, ақ ұлпа қар ауа райы болжамынан ертерек түсті.

Сенбі мен жексенбі күндері өңірде жел күшейіп, екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтілуде. Дүйсенбі 24 қазанда күн ашылады деп болжанып отыр.

Қостанайлықтар әлеуметтік желіде алғашқы қардың фотосы мен видеосын салып жатыр.

Бұған дейін Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіне қар жауатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар