+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен

2019 жылғы 14 қараша 14:54
Бөлісіңіз:
Қостанайда алаяқтар 50 млн теңгенің жүгін заңсыз иемденіп кеткен

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында қымбат мүлікті заңсыз иемденіп кеткен алаяқтар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коллекторлық агенттіктердің борышты заңсыз қайтару схемасы әшкереленді - прокуратура Алматы облысында жас жігіт 65 жастағы әйелді ұрып, тонап кеткен Жамбылда жезөкшелер мен жеңгетайлар анықталды

Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовке Қазақстан мен Ресей арқылы жүк тасымалдайтын көлік фирмасының иесі өтініш білдірді. Ол интернет-алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан. Кәсіпкер интернеттен «көлік жүргізушісін» тауып, келісім-шарт жасасқан. Алайда қымбат жүк діттеген жеріне дейін жетпеген.

«Олардың барлығы Қостанай қаласының тұрғыны, олардың біреуін білемін, сондықтан да оларға сеніп едім. Құны 50 миллион теңгеден асатын жүк Өскеменнен Ресейге жеткізілуі тиіс еді. Арада келісім-шарттың барына қарамастан, алаяқтар орта жолда телефонға жауап бермеді», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер танысы арқылы өз мүлкінің Ресейдің басқа қаласына жеткізілгенін анықтаған.

Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша бұл қылмысты тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Арнайы топ Қазақстанның бірнеше облысында тергеу жүргізеді. Бұл алаяқтықтың өте сирек тәсілі, тергеу жұмыстарымен тәжірибелі полиция қызметкерлері айналысады», - деп атап өтті генерал Аймағамбетов.

Жыл басынан бері ведомство басшысының жеке қабылдауына 200-ден астам азамат жүгінсе, олардың мәселелері шешіліп, заң кеңестері берілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT