+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Қостанайда адамдарды талап тастаған ит емес, қасқыр болып шықты

2019 жылғы 7 наурыз 12:27
Бөлісіңіз:
 Қостанайда адамдарды талап тастаған ит емес, қасқыр болып шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында екі адамға қасқыр шапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Людмила Налобинаға сілтеме жасап.

Оқиға 5 наурызда Арқалық қаласына қарасты Ашутасты елді мекенінде болған. Түз тағысы ауыл ішіне кіріп, екі адамды талап тастады.

«Зерттеу барысында Ашутасты ауылының 2007 және 1992 жылы туған тұрғындарды қасқыр талағаны белгілі болды. Тиісінше, оларға «Таланған балтыр жарасы» және «Таланған қол жарасы» диагноздары қойылды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушілерді антирабикалық иммундау шаралары жүргізіледі. Қазіргі уақытта бала Арқалық өңірлік ауруханасында стационарлық емделуге жатқызылды. Ал ересек адам амбулаторлық емделу шараларын алып жатыр. Профилактикалық иммундау курсын тағайындау үшін құтырған жануарлармен байланыста болған адамдардың шеңбері анықталды», дейді Людмила Налобина.

Жануардан алынған патологиялық материал іріктеліп, ҚР АШМ ВБжҚК республикалық ветеринариялық зертханасына жіберілді. Қасқыр құтыру вирусын жұқтыруы мүмкін.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Ашутасты ауылында эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын жүргізеді. Емдеу-профилактикалық иммундауды қажет ететін адамдар тобы анықталады.

«Эпидемиялық және эпизоотиялық ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырамыз. Адамдар арасында ауру жағдайларын болдырмау бойынша және құтыру ауруының қауіптілігі, оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде», - дейді департамент өкілі.

Осы оқиғаға байланысты Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы мәлімет бергенін айта кетейік.

Жасақ басшысы Сергей Шмидт 12 жасар баланы қасқырға ұқсайтын ит талағанын айтқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT