Қостанайда адам қағып өлтірген жүргізуші шартты мерзімге сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда адамды қағып кеткен 29 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс деректерінде көрсетілгендей, оқиға 2018 жылғы 2 қарашада облыс орталығындағы Жауынгер Интернационалистер көшесінде болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан «Лексус» көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған әйелді соғып кеткен. Жәбірленуші түрлі дене жарақатымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні қаққан 29 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады.

«Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен «Lexus LX 570» жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау орнатумен шартты түрде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы уақыт аралығында ол көлік құралдарын басқару құқығынан шеттетіледі», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар