Қостанайда «Адалдық кітапханасы» ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының оқу орталығы базасында «Адалдық кітапханасы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл кітапхананың басты ерекшелігі - кітапханашысы және қызмет көрсететін адамдардың жоқтығында. Ал кітапханаға келушілер тек қана тіркеу журналын пайдаланады. Сот қызметкерлері мен келушілер журналға қол қойып, кітаптар мен газет-журналдарды оқи алады.

«Кітапхананы ашудағы мақсат - қоғамда сенім білдіру атмосферасын қалыптастыру. Осыған ұқсас механизм ондаған жылдар бойы скандинавия елдерінде қолданылып келеді. Жоба тұрғындардың бойында парасаттылық және әділдік сияқты моралдық сипаттарды тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің пайда болуына тікелей әсерін тигізеді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

null

Соңғы жаңалықтар