Қостанайда 94 жастағы ардагер кісі өлтіргені үшін сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰОС ардагері, 94 жастағы Иван Сурковқа үкім кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша Иван Сурков 7 жылға бас бостаныдығынан айрылды. Ол мәжбүрлі түрде психиатрдан ем қабылдауы тиіс. Айыпталушы болса, сот шешімімен келіспейді.

Қайғылы оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. И.Сурков өзінің балдызы, 80 жастағы Николай Давыдовқа гантельмен және пышақпен соққы жасаған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кетті.

Сотта айтылғандай, қылмыскер ардагер соғыс жылдарында үш рет басынан зақым алған. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Осы деректердің бәрі, сот мәліметінше, айыпталушының психикасына кері әсерін тигізген.

Соңғы жаңалықтар