Қостанайда 87 жастағы енесін өз үйінен қуған келін сот арқылы баспанадан шығарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының тұрғыны өзінің жеке баспанасынан кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар келінін шығару туралы шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.

Баспана 87 жастағы шағым иесінің атына 2002 жылы тіркелген және ол сол үйде тұрып келген. Өзге баспанасы жоқ. Сот отырысы барысында келіні кейуананы үйге кіргізбейтіндігі, жанжал шығаратындығы және немерелерінің онымен араласпайтындығы анықталды. Сондықтан зейнеткер қызының пәтерін паналауға мәжбүр болған.

Ұлы мен келіні осыдан біраз уақыт бұрын ажырасып, ол үйден кетіп қалған. Ал келіні болса балаларымен енесінің үйінде қалғанымен баспана ауыртпалығын көтермейді, коммуналдық қызмет төлемдерін төлемейді, үйде заңсыз тұрып келген.

Көрсетілген жағдайларды ескеріп, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның нормаларына сілтеме жасай отырып және шағым иесінің жасын ескеріп, сот зейнеткерді баспананың жеке иесі деп тапты. Сонымен қатар, жауапкерлер тек үй иесінің келісімімен баспанада өмір сүре алады. 

Істі қарау нәтижесінде сот жауапкерді балаларымен бірге жылу беру мерзімі біткен соң үйден шығаруға шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар