Қостанайда 8 жасар баланы көлік қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында «ВАЗ - 21065» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі оқушыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай қаласында 27 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21065» маркалы автокөлігімен жолдың жүру бөлігінен жүгіріп өткен 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бойынша Қостанай қаласы ІІБ «Солтүстік» полиция бөлімі қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.

Жаяу жүргінші алған дене жарақаттары салдарынан Қостанай қалалық ауруханасында көз жұмды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші мас күйде болмаған.

Соңғы жаңалықтар