Қостанайда 8 жасар бала баспалдақтан құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 2011 жылы туған оқушы баспалдақтан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау бақармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай қаласы мектептерінің бірінде болған. 8 жасар оқушы асханаға бара жатып, баспалдақтың арасындағы тесікке құлап кеткен.

«Оқушы облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Ауруханаға бас ауру диагнозымен түсті. Жалпы мидың симптоматикасы анықталмады. Бас сүйегінің рентгенографиясы жасалды, сол жақ сүйегінің сынғаны белгілі болды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Бала бірден ауруханаға жатқызылып, одан әрі тексеру жүргізілді. Оны нейрохирург қарады. Нәтижесінде жабық бас сүйек ми жарақаты диагнозы қойылды.

Оқушыға консервативті терапия көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар