Қостанайда 60 көлік ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда көлік ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 5 жылдың ішінде автомобильді айдап кету - 40 пайызға, ұрлау 27 пайызға азайды. Қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарып келеді. Бұрын көлік ұрлау қылмыстарының 31 пайызы ғана ашылатын болса, қазір 55 пайызға жетіп отыр»,  - деді ол.

Министрдің айтуынша, қымбат көліктерді ұрлап, Қазақстанда сату қиын.  Сондықтан елімізде ұрланған көліктер көрші елдерге шығарылады.

«Жақында Қостанайда 12 адамнан тұратын топты ұстадық. Оның ішінде біздің қызметкерлер, Ресей азаматтары бар. Олар 60 көлік ұрлаған. Мұндай қылмыспен күресу үшін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен арнайы  келісімге қойып, бар күшімізді салып жатырмыз», - деді Қасымов.

Соңғы жаңалықтар