Қостанайда 6 айлық сәби денесінің 60 пайызы күйіп қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жітіқара ауданында 6 айлық сәби ыстық суға күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Жітіқара ауданында болған. 6 айлық сәби ыстық суға күйіп қалған.

«Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің денесі 60 пайызға күйіп қалған. Қазіргі уақытта бала жасанды желдеткіште демалып жатыр. Кешенді емдеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар