Қостанайда 57 жастағы әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап тастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда ер адамды өлтірген 57 жастағы әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қостанай ауданының Затобол ауылында жеке тұрғын үйде болған.
«57 жастағы әйел өзімен бірге тұратын 44 жастағы ер адаммен ішімдік ішкен. Арадағы жанжалдан соң әйел жәбірленушіге пышақ жұмсаған. Ауыр дене жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлтіру») тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар