Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық тәртіп сақшылары 1968 жылы туған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақсылықов Жанболат Кеңесұлы 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған.

Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі ер адамға қатысты мәліметтерді жариялады: бойы - 165-170 см, ірі денелі. Үстінде көк түсті шаңғы костюмі, қара түсті бас киім, угги етігі болуы мүмкін.

Полицейлер із-түзсіз жоғалған ер адам туралы ақпарат білетін тұрғындардың мына байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды:

87021530201, 52-68-61, 52-68-50 және 102.

 

 

Соңғы жаңалықтар