Қостанайда 50 жаңа автобус жолға шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай автобус паркі жаңа жолаушы автобустарымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Сарыарқа АвтоӨнеркәсіп» зауыты шығарған LE60 моделіндегі SAZ маркалы техниканы сатып алып, қазіргі тасымалдаушыларға ескірген көлік техникасының орнына жалға берілді. Жолаушылар автобустары облыс орталығының басым бөлігіне бағыттайтын №18, 10, 13, 5, 27 қалалық бағдарларымен жүретін болады», - деп хабарлады Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

SAZ жолаушылар автобустарының солтүстік Қазақстан аймағының ауа райы жағдайында бейімделгені атап өтілуде. Бұған дейін қостанайлық көлік тасымалдаушылары SAZ автобустарын қалалық жағдайда тестілеп, оларға оң бағасын берген.

Еске сала кетсек, тамыз айында «Тобыл» ӘКК» АҚ Қостанай автобус паркін жаңартып, 50 жаңа көлік сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған.


Соңғы жаңалықтар