Қостанайда 5 жасар бала мен анасын автобус қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда маршрут автобусы 5 жасар баласы бар әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл фактіні облыстық ІІД мен балалар ауруханасы растады.

Анықталғандай, оқиға 10 қыркүйек күні Қобыланды батыр даңғылында болған. Маршрут автобустарының бірі әйел мен оның баласын қағып кетті.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бүлдіршін мен әйел сол күні медициналық мекемеге келіп түскен.

«Баланы бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазір оны травматологияға ауыстырды. Баланың басы соғылып, бас сүйек миы зақымдалған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол ауруханада анасымен бірге жатыр», - деп түсіндірді дәрігерлер.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар