Қостанайда 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Өрт сенбі күні Қостанайдағы «Садовод» саяжайы аумағында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау 6 адам тұратын тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт шатыр тақталары мен тұрғын үйлердің ішіне жайылған.

Үйде ешкім болған жоқ. «Бұл күні Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы «Садовод» саяжайында тұратын Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді. Олег мұнда кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы тұратынын біледі. Үлкен қызы 8 жаста, ал ең кішісі 2 жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып 4 баланы кезекпен көшеге шығарған. Бұл уақытта ата – аналары үйде болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кетті», - деп түсіндірді департамент.

Ата-аналары келгенге дейін құтқарылған балалар көршілерінің үйінде болған. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі болған жоқ. Келген өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын шығарды. Құтқарушылар өртті 12:07-де оқшаулап, көрші саяжайларға таралу қаупін жойды. Сағат 12:28-де өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.


Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар