Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды
2021 жылғы 30 қараша 15:45

Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы шағын ауданда көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлады. Бұл фактіге қатысты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.

Еске салайық, бір апта бұрын ғана осындай жағдай Рудныйда болған еді.

4-қабаттың балконынан 41 жастағы әйел құлаған болатын.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT