+7 (701) 759 90 19
USD 415.57 EUR 505.37
RUB 5.65 CNY 64.47
Jańalyqtar

Қостанайда 46 жастағы әйел бастаған топ мал ұрлығымен айналысып келген

2021 жылғы 21 қаңтар 14:07
Бөлісіңіз:
Қостанайда 46 жастағы әйел бастаған топ мал ұрлығымен айналысып келген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл ауданында 8 жылқы мен 4 сиырды айдап әкеткен ұрылар тобы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда бақылау камералары арқылы күніне 50-ден астам бұзушылық анықталады Ақтөбеде шекара бұзған екі ресейлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды Атыраудың екі тұрғыны 477 мың теңгенің мүлкін ұрлаған

Бірнеше адамның малын ұрлаған күдіктілерді Әулиекөл ауданының полицейлері ұстады. Аудандық полиция бөліміне өткен жылдың тамыз айынан бастап тұрғындардан мал ұрлығы туралы арыз түсе бастады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір үйір жылқы мен ірі қара мал жеке шаруашылықтардың аумағынан жоғалып кеткен.

Полицейлер жедел іс-шаралар өткізе бастады. Әулиекөл аудандық полиция бөлімі бастығы Жансерік Хасанов айтқандай, жедел уәкілдер Новонежин ауылында тұратын 46 жастағы әйел бастаған қылмыстық топты анықтаған. Оның құрамында тағы 4 адам болған.

«46 жастағы әйел ұрлықтың схемасын жасаған. Алдымен «Ваз-2107» автокөлігі арқылы ауылдарды аралап, шаруашылықтағы малдарды бақылап алады. Кейін күдіктілердің бірі жайылып жүрген малды арнайы орынға айдап апарған, ал қалғандары малды бауыздап отырған. Полиция қызметкерлері Шилі, Первомай және Диев ауылдарынан ұрланған малдың аман қалғанын жәбірленушілерге қайтарды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір ұрылардың үстінен ҚР ҚК 188-бабы бойынша іс қозғалды. Олардың кінәсі дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT