Қостанайда 453 шетелдік көші-қон заңын бұзған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Нелегал» шұғыл профилактикалық шарасы барысында көші-қон заңын бұзған 453 шетелдік азамат анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нелегал» оперативті-алдын алу шарасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарын жою мақсатында, сондай-ақ, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту фактілерін анықтау мақсатында жүргізілуде.

«Жедел-алдын алу шарасы шетел азаматтары көп жағдайда Қазақстанға келу-кету тәртібін бұзатынын көрсетті. Сот шешімін қамтамасыз ету мақсатында 29 шетел азаматы еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды», - деді облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.

Шара барысында 453 шетелдік көші-қон заңын бұзған. Нәтижесінде, ҚР аумағына келу-кету, жүріп-тұру тәртібін сақтамаған 166 шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар