Қостанайда 45 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер Жітіқара қаласының 45 жастағы тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны Құралай Әлиева 20 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Бойы - 160-165 см, шағын денелі, қойкөзді, қысқа шашты, шашының түсі қара. Үстінде ақ көйлек болуы мүмкін.

Құралай Әлиева туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, Қостанай облыстық ІІД хабарласуыңыз сұралады. Байланыс телефондары:

8 (7142), 52-62-18, 52-61-12, факс 52- 61-11.

Соңғы жаңалықтар