Қостанайда 41 көппәтерлі тұрғын үй салынады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Осы жылы Қостанайда 41 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі халық алдындағы есептік кездесуі барысында өңір бюджетінің көбі тұрғын үй саласына бағытталатынын айтты.

«Осы жылы бюджеттік қаржының 57 пайыздан астамы тұрғын үй қорын ұлғайтуға бөлінеді. Біз бұл салаға былтыр да баса назар аударған болатынбыз. 2018 жылы облыс тұрғындары үшін 39 көп қабатты үй салынды, 60 мың адам тұратын 12 ауылда сумен жабдықтау жақсартылды, 137 білім беру ұйымы жөнделді, ауруханалар мен емханалар үшін ең заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды»,- деді өңір басшысы кездесу барысында.

2019 жылы 41 көппәтерлі тұрғын үй салынады, халықтың орталық сумен қамтылуы 61,3 пайызға дейін ұлғайтылады. Бұған қоса 3 жаңа мектеп қолданысқа берілмек.

Архимед Мұхамбетов айтқандай, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы тұрғын үй салуға 24,7 млрд теңге қарастырылады. Оның ішінде облигациялар шығару арқылы 12,1 млрд теңге игеру жоспарлануда. Ал инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды өткізуге 7,8 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар