Қостанайда 40 мың теңге пара алған полицейлер ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған тәртіп сақшыларын тергеуге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облысы жол-патрульдік полиция қызметкері мен Қостанай қаласы полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімінің жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар жол-көлік оқиғасы қатысушысынан 40 мың теңге алып, жазаға тартпауға уәде еткен», - деді ведомстводағылар.

Қазір тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар