Қостанайда 35 жастағы әйел хабар-ошарсыз кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер 35 жастағы Елена Войтенкоға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі 1983 жылы туған Войтенко Елена Васильевнаға іздеу салады. Ол 2018 жылдың 30 қазан күні Қостанайдағы үйінен шығып кетіп, оралмаған» делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Полиция департаменті Елена Войтенко туралы мәліметтерді жариялады. Оның бойы - 170-172 см, арық денелі, сары шашты. Үйінен шыққанда үстінде ақшыл сары пальто, шарф, қара түсті легинсы болған.

Елена Войтенко туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, «102» нөміріне қоңырау шалуға болады.

Соңғы жаңалықтар