Қостанайда 33 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің хабарлауынша, 33 жастағы ер адам 4 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Владимир Шувалов 1984 жылы 12 наурызда туған. Ол Қостанай қаласы Уральская көшесі 2-үйде тұрады. 4 қыркүйек күні сағат 21:00-де үйінен шығып кеткен. Владимир сол күннен бері хабарласпаған. Ұялы телефоны сөндірулі.

Оның үстінде көк күртеше мен шалбар болуы мүмкін.

Владимир Шувалов туралы əлдебір ақпаратқа ие болсаңыз, мына телефондарға хабарласыңыздар: 8(705)416-55-52 жəне 8(775)439-23-2

Соңғы жаңалықтар