Қостанайда 30 жыл жөндеу көрмеген оңалту орталығы іске қосылмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласындағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы мүгедектерге арналған оңалту орталығын аралап көрді. Биыл бұл орталыққа 1987 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жұмыстар аяқталу сатысында.

«Орталықтың жобалық қуаты 1120 адамнан 2200 адамға артты. Жаңа медициналық, спорттық және тұрмыстық жабдықтар әкелініп, енді инфрақызыл кабиналар, фитобөшкелер мен мамандандырылған сантехникаларды жеткізеді. Ғимаратта мүгедектерді оңалту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Емдеу, дене шынықтыру, физиотерапия, тұзды шахталар, емдік ванналар, массаж және жылу, физиоемдеу кабинеттері бар. Оңалту орталығының жұмысын 2020 жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр», - деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында.

Сонымен қатар аймақ әкімі қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жиын пунктінің ғимаратында болды.

Әкімнің айтуынша, ғимаратты күрделі жөндеп, аумағын абаттандыру қажет. Келесі жылы төбесін жөндеуге 43,6 млн теңге бөлінді.




Соңғы жаңалықтар