Қостанайда 30 жастағы әйел баласымен бірге жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 30 жастағы Анара Хидирова мен 10 жасар ұлы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1988 жылы туған Хидирова Анара Фархадовна іздестірілуде. Ол 2018 жылғы 16 қазанда 10 жасар баласы  Арсен Нұрболұлы Сантаймен бірге Әулиекөл ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен»,- делінген ведомствоның хабарламасында. 

Әйелдің бойы - 150-155 см, орташа денелі, шашы қара түсті, иығына дейін түскен. Үйінен қызыл куртка, сұр бас киім, сұр шалбар мен кроссовка киіп шыққан. Ұлының бойы - 100-110 см, ол көк түсті куртка мен шалбар, қара туфли киген.

Полицейлер із-түзсіз кеткендер туралы кез келген ақпараттарды Әулиекөл аудандық ІІБ-не немесе 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар