Қостанайда 28 жастағы ер адам суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Махито» демалыс базасында 28 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға кеше кешке КЖБИ шағын ауданындағы демалыс базасында болған. Ер адам суға шомылу кезінде қайғылы жағдайға ұшыраған.

«Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы «Махито» демалыс базасында өзенге батып кеткен 1981 жылы туған ер адамның денесін алып шықты», - делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар қостанайлықтардан шомылу кезінде барынша сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар