Қостанайда 27 мың жалдамалы жұмысшы медсақтандыру жүйесіне тіркелмеген

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 285 мың адам мемлекеттік кіріс органдарына шағын кәсіпкерлік, нәтижелі жұмыспен қамту субьектісі ретінде тіркелді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Аида Құсайынова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

Өздеріңізге белгілі, былтыр елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Осыған байланысты облыста азаматтардың мәртебесін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Облыс өңірлерінде әкімдіктер мен жұмыспен қамту қызметінің өкілдері, учаскелік инспекторлардан жұмысшы тобы жасақталған.        

«Біздің міндетіміз - үй-үйді аралау арқылы азаматтардың мәртебесін нақтылау. Осы арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қаржы аударуға қауқарсыз азаматтармен толыққанды жұмыс істейміз. Бүгінде облыста осындай 322 мың адам анықталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 285 мың адам мемлекеттік кіріс органдарына шағын кәсіпкерлік, нәтижелі жұмыспен қамту субьектісі ретінде тіркелді»,-дейді А.Құсайынова.         

Қостанай облысында 37 мың адамның мәртебесі нақтыланбаған. Олардың 6,5 пайызы жалдамалы жұмыста істейді. 16 мыңға жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтиды. Ал 5,5 адам басқа елдерге қоныс аударған. Бұдан бөлек, 7 мың әйел үй шаруасында. 

«Қазір басқарма өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 16 мың адаммен белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Оларды жұмысқа орналастыру мақсатында тиісті мекемелерге хабарласу ұсынылды. Ал тек отбасылық шаруашылықпен айналысатын жандармен мемлекеттік кіріс органдары жұмыс істейді»,-дейді басқарма бастығының орынбасары.        

Сондай-ақ, облыс бойынша 1400 адамның студенттік мәртебесі анықталған жоқ. Аида Құсайынова білім министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Еңбек инспекциясы осындай 27 мың жалдамалы жұмысшыға ескерту қағазын жіберді. Бұдан былай медициналық қызмет тек сақтандырылған азаматтарға көрсетіледі. Халық осыны ұғынса дейді мамандар. Сондықтан, өңірлерде ақпараттық-насихат жұмыстары жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар