Қостанайда 250 адам төтенше жағдай режимін бұзған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыста ТЖ байланысты 250 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелген. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 250 адамды жауапқа тартты. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 91 адамға сот шешімі шығарылды және 159 құжат сотта қаралуда. Осы ретте кәсіпкерлерді, әсіресе адамдар көп жиналатын дәмхана, мейрамхана мен мекеме иелерін барынша сақ болуға шақырамын. Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатаң шаралар қолданылатынын ескертемін», – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Облыста міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін 18 адамға ескерту жарияланса, 63 адамға әкімшілік айыппұл салынған. Ал 7 адам қамауға алынып, ісі сотқа жеткен.

Тәртіп сақшылары өткен аптада бетперде режимін бұзғаны және дүкенде қолғап кимегені үшін 125 адамның құқық бұзушылық ісін тіркеді.Сондай-ақ, үй карантині режиміне үстірт қараған 8 адамға айыппұл салынды.

Өңір басшысы аймақ тұрғындарын төтенше жағдайларға байланысты қабылданған шектеулерге түсіністікпен қарап, барынша сақтауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар