Қостанайда 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 24 жастағы жігітті өлтіріп кетті, деп хабарлайды alau.kz сайты Қостанай облысы ІІД-ге сілтеме жасап.

Қостанай облысы Ішкі істер департаменті аталмыш ақпаратты растады.

«Қостанайда 24 жастағы ер адамды өлтіру дерегіне қатысты ҚР ҚК-нің 99-шы бабы, 1-ші бөлігіне («Адам өлтіру») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Ішкі істер департаментінің өкілі.

Қостанай қаласы ІІБ-нің қызметкерлері күдіктінің ұсталғанын және Рудныйдың уақытша тергеу изоляторына қамалғанын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар