USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қостанайда 231 көп балалы анаға пәтер берілді – қала әкімі

2021 жылғы 15 ақпан 12:41
Бөлісіңіз:
Қостанайда 231 көп балалы анаға пәтер берілді – қала әкімі

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Биыл Қостанай қаласында көпбалалы аналарды баспанамен қамту үшін 575 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бір жылда көпбалалы отбасыларға 287 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленген Қызылорда қаласында халықты баспанамен қамту көрсеткіші жақсарды

Бүгінде облыс орталығында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Нәтижесінде, баспана кезегіне тұрушылар саны да едәуір азайды. Мәселен, былтыр республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млрд 135 млн теңгеге 100 көпбалалы отбасыға пәтер сатып алынған.

«Қала әкімдігі тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды жалдамалы пәтерлермен қамту жұмысын жалғастырады. Бүгінге дейін мұндай пәтерлерге 231 отбасы қоныстанған. Жалдамалы пәтер әкімдіктің меншігінде тұра береді. Сондықтан, оған қоныстанған адам пәтерді сатып алып, өзіне ресімдеп алуға құқығы жоқ. Жалпы осы жылы қалада көпбалалы аналарды баспанамен қамту үшін 575 млн теңге қарастырылып отыр», - деді өңір басшысы.

Қайрат Ахметов айтқандай, бүгінде Қостанай қаласында 11,2 мың адам баспана кезігінде тұр, оның 170-і көп балалы және тұрмысы төмен отбасылар. Жұмыспен қамту орталықтары мен жеке серіктестіктер арқылы оларды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселелері оңтайлы шешімін тауып келеді. Жыл басынан бері 312 адам жұмыс тапқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT