Қостанайда 23 жастағы жігіт жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 23 жастағы жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік бөлімінің хабарлауынша,  Шәріпов Жасұлан Әбілғазыұлы 2 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Ол 29.08.1994 жылы Қостанай облысында туған. Бойы - 175-178 см. Үстінде қою қызыл түсті жейде, көк түсті джинс шалбар, қара спорттық аяқ киім болуы мүмкін.

ІІД баспасөз қызметі Шәріпов Жасұлан Әбілғазыұлына қатысты  қандай да бір ақпарат білетіндерге 8-702-492-99-92 ,8-702-153-02-01, 52-68-61, 52-68-50 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар