Қостанайда 20 мың теңгенің массаж жабдығын 660 мыңға сатқан алаяқтар іздестірілуде
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Жолда қабылдау» акциясы аясында алаяқтарға алданып қалған Қостанай қаласының тұрғындары полицейлерден көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тәртіп сақшыларына арыз айтып келгендердің бірі – Елена Янова. Сөзінше, облыс орталығында белгісіз компаниялардың өкілдері зейнеткерлерге массаж аппаратын жарнамалап, оны 660 мың теңгеге сатқан. 75 жастағы анасын алып-сатарлар банкке апарып, массаж жабдығын бөліп төлеуге несие рәсімдейді.
«Бұл 3-7 қараша аралығында қаладағы қонақ үйлердің бірінде басталған. Алматылық 3 компания массаж аппаратын жарнамалап, зейнеткерлерге 660 мың теңгеге өткізген. Негізінен нарықтағы құны 20 мың теңге тұрады. Анама алдап несие алдырған соң амалсыз ай сайын 76 мың теңгеден төлейміз»,-дейді ол.
Арызданушылардың мәліметі бойынша, алматылық компания өкілдері қонақ үй залын жалға алған. Кейін зейнеткерлермен бірге несие ресімдеген. Қазіргі уақытта полицияға 6 кейуана арызданып отыр, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.
Қостанай облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский атап өткендей, қазіргі уақытта материалдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Барлық іс бақылауға алынды. Белгісіз компания өкілдеріне іздеу салынды.
- Футбол: «Тобылдың» бас бапкері тағайындалды
- Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті
- Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдіктіні іздеу жұмысын министрлік бақылауына алынды
- Атырауда бір топ браконьерден 11 келі қара уылдырық тәркіленді
-
Ақтөбеде оқушыны зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр
-
Елордада аса ірі көлемдегі контрабанда бойынша қылмыстық іс тоқтатылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам