Қостанайда 2 жасар қыз өртенген көлік ішінде қалып қойды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Затобол елді менкенінде автокөлік өртеніп, екі жасар сәби күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сағат 15:29-да Затобол селосындағы «Светофор» дүкенінің маңында болды. «Лада-Приора» көлігінен өрт шыққан.

«Өрт 7 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 15:46-да толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2017 жылы туған қызды 2-ші дәрежелі күйік шалды. Оқиға кезінде ол автокөлік ішінде болған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Күйік шалған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өрттің нақты себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар