Қостанайда 2 аптада қос жасөспірімді футбол қақпасы басып қалды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 16 жасар бала ауруханаға ауыр жарақаттармен түскен. Дәл осындай жағдай 2 апта бұрын да болыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz-ке сілтеме жасап.

«Науқастың 12 елі ішегі үзілген. Бұл – сипаты мен емделуі ең ауыр жарақаттардың бірі. Асқынулар болуы мүмкін. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, оған өкпені жасанды желдету аппараты қосылған. Ота жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақтанды. Өз бетімен демалуы үшін аппаратты ажырату бойынша шешім қабылдаймыз», - деді облыстық балалар ауруханасы хирургиялық қызмет секторының меңгерушісі Игорь Белобржицкий.

Оқиға 12 сәуір күні болған. Дәрігердің айтуынша, ауруханаға осыдан 2 апта бұрын дәл осындай оқиғадан кейін Ұзынкөл ауданынан 16 жасар бала түскен.

«Жасөспірімнің басына футбол қақпасы құлаған. Бас сүйек-ми жарақатымен түсті. Жағдайы орташа ауыр болды. Қазір жазылып келеді. Осыдан 4 жыл бұрын Қостанайда үстіне футбол қақпасы құлаған бала көз жұмған еді. Енді мұндай жағдайлар қайталанбайтын шығар деп ойлағанбыз. Өкінішке қарай, мәселе әлі де бар», - деді дәрігер.


Соңғы жаңалықтар