+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қостанайда 1939 жылы латын қарпінде шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды

2020 жылғы 15 қыркүйек 11:37
Бөлісіңіз:
Қостанайда 1939 жылы латын қарпінде шыққан Абай өлеңдерінің жинағы табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда 1939 жылы латын қарпінде жарық көрген Абай өлеңдерінің жинағы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Кітапты алғаш ҚР Ішкі істер министірлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері Мырзабек Тұйғанов жұмыс орнына әкеліп, әріптестеріне таныстырған.

«Құнды еңбек маған нағашы атамның інісі, марқұм Серемет Асыблекұлынан мұра болып қалған. Ол кісі кітапты көп оқитын және сирек шығарылатын шығармаларды жиі жинайтын еді. Жас кезімде ауылға бір барғанымда нағашым осы латын қаріпінде жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағын сыйға тартқан болатын. Сол уақыттан бері кітап менің үйімде сақталып келді. Биыл Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл, оған қоса Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен елімізде латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан, кітапты үйде сақтағанша, онымен арнайы тіл мамандары танысып, зерттесін деген ниетпен таныстырып отырмын, - деді кітап иесі Мырзабек Тұйғанов.


Кітаптың алғы сөзін Сәбит Мұқанов жазған. Құнды еңбекке ұлы ақынның өлеңдерімен қатар «Ескендір», «Әзім әңгімесі», «Масғұт» поэмалары енген.

«Абай өлеңдері топтастырылған кітап негізі екі том болып жарыққа шыққан. Табылған соның бірінші томы. Екінші томы 1940 жылы Мұхтар Әуезовтің алғы сөзімен жарық көрген екен. Кітаптың сыртқы мұқабасы тозған, алғашқы бетіндегі алғы сөздерден бірнеше бет және соңындағы түсініктемелерден бірнеше бет жоғалған. Ал қалған өлеңдер мен поэмалары толық сақталған», - деді Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы коммуникация бөлімінің басшысы Құрбанәлі Ермұратов.

Мырзабек Тұйғанов кітапты ҚР Ішкі істер министірлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мұражайына табыстаған.

Айта кетейік, академия мұражайында бұған дейін Мұхтар Әуезовтың домбырасы, сонымен қатар Шырақбек Қабылабевтың жеке бұйымдары мен қолжазбалары сақталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT