Қостанайда 18 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 2000 жылы туған жас жігіт жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 жастағы Сергей Бурлаков 20 қыркүйек күні Қостанайдағы үйінен шығып кеткен. Ол анасына Садчиков ауылында тұратын досына баратынын айтқан. Отбасы содан бері хабарсыз отыр.

«Сергей Садчиков ауылындағы досының үйінен шығып, Қостанайға бет алған. Бірақ, осымен үшінші күн, ешқандай хабар жоқ. Барлық туыс-туғанға қоңырау шалдым. Уақытша жұмыс істейтін. Жұмыс орнындағылар да білмейді. Енді кімге жүгініп, көмек сұрайтынымды білмеймін», - деді бозбаланың анасы.

Анасының сөзінше, Сергей өзінің телефонын үйіне тастап кеткен. Үйден шыққанда үстіне қара күрте мен шалбар, көк түсті спорт аяқ киімін киген. Сергей Бурлаков туралы әлдебір ақпарат білетін азаматтар мына телефондарға хабарласа алады: 8 707 517 42 28 немесе 102

 

Соңғы жаңалықтар