Қостанайда 17 жасар бойжеткен үшінші қабаттан құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 17 жасар колледж студенті жатақхананың үшінші қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қызмет көрсету колледжінің жатақханасында болған.

«26 маусым күні сағат 01:30-да облыстық балалар ауруханасына 17 жасар қыз түсті. Ол жатақхананың терезесінен құлап кеткен. Полиция бұл факт бойынша тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бойжеткеннің колледж студенті екені анықталды. Оған «омыртқаның жабық сынығы» диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар