Қостанайда 15 қабанды заңсыз атқан күдікті ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайлық полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады. Олар он миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары Жангелдин ауданының Торғай ауылында патрульдеу барысында «Nissan Patrol» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік салонында полиция қызметкерлері 15 жабайы қабанның терісін тапқан.

«Аталған факті бойынша Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылының 58 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті аң аулау лицензиясынсыз 15 қабанды атып алған», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тағы бір заңсыз аң аулау дерегі Науырзым ауданында болған. 12 желтоқсан күні түнгі сағат 02:00 шамасында Науырзым қорығы маңында үш ер адам ұсталды. Олар бір бұғыны атып, сойып жатқан жерінен ұсталды.

Қазіргі уақытта осы екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігімен («Ірі залал келтіру арқылы заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар