Қостанайда 120-дан астам үй күзге дейін ыстық сусыз отырады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанайдың ҚЖБИ ауданында ыстық сумен жабдықтауды тоқтату жылу магистралі учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай әкімдігіне қарасты «Қостанай жылу энергетика компаниясы» МКК қала тұрғындарына диаметрі 700 мм ТМ-14 жылу магистралі учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Осыған байланысты қаладағы Абай даңғылы бойында (Генерал Арыстанбеков көшесі – Чкалов көшесі шекарасы) тұрғын үйлерді (126 үй) ыстық сумен жабдықтау 1 қыркүйектен кейін қалпына келетінін қаперіңізге саламыз»,- деп хабарлады коммуналдық кәсіпорын.

Компания баспасөз қызметі түсіндіргендей, арнайы жұмыс апат санын азайту және қысқы кезеңде тұрғын үйлерді сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Қостанай облысы ауданында ауыз су беруге шектеу енгізілгені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар