Қостанайда 12 жасар қыз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда 2008 жылы туған қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратты.

«Қостанайлық полицейлер 11.06.2008 жылы туған Громыко Диана Александровнаға іздеу салды. Ол 9 қазан күні сағат 10.00-де үйінен шығып кетіп, оралмаған. Қазіргі уақытта оқушы іздестірілуде, полицияның барлық жасақтары жұмылдырылды», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

12 жасар Диана бұған дейін де үйінен шығып кетіп, оралмаған. Полицияға оның анасы арыз жазды. Жоғалып кеткен қыздың үстінде көк куртка, қара түсті аяқ киім болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар