Қостанайда 12 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық полицейлер 2006 жылы туған Александр Рябухинге іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласы ІІБ-не 12 жасар Александр Рябухиннің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті. Анасының сөзінше, Александр 20 қазан күні түс уақытында мектептен үйге қарай шыққан. Сол уақыттан бері хабар жоқ.

Оқушының бойы - 150-160 см, арық денелі, шашы қысқа. Үстінде мектеп формасы, қара түсті куртка мен шалбар болуы мүмкін.

Александр Рябухин туралы ақпаратты мына телефондар арқылы хабарлауға болады:

8-7142-52-61-11, 52-62-18, 52-61-12 немесе 102

Еске салсақ, полицейлер Қостанай облысының Әулиекөл ауданында 2 баланың анасын іздеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар